Bugin

Стив Гамильтон - әдебиет әлемін үркіткен криминалды автор

Криминал

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Уақыт шеңберіне үңілсек, Стив Гамильтон кінәлаушілерден қашып жүргенге ұқсайды, бұл оның соңғы шығармаларындағы кейіпкерлер характерінен қатты сезіледі. Және бұл жағдайы баспалар үйін қайта -қайта ауыстыра беруінен де байқалады. Осыдан екі ай бұрын Мартин Пресс (St. Martin’s Press) баспасымен жасалған келісімшарт бойынша жарияланған  «Ник Мейсонның екінші өмірі» атты жаңа кітабы атақты криминалды жазушының әдебиет әлемін шошытқан жаңалығы ретінде бағаланды.

  Гамильтон Эдгар атындағы әдеби сыйлықтың екі дүркін жүлдегері. Жоғарғы Вест-Сайд манхэттендегі жақында берген сұхбатында ол былай дейді, «Бұл кітап қазір сыртқа шықты, енді өлетін сияқты, бұл осындай бір сезімге ұқсайды... қазір бәрі бұл кітапты аса қорқынышпен оқуда, бірақ бәрі біткен соң, кітап та өледі, себебі аяқталған нәрсені бәріміз сыртқа лақтырғанды жақсы көреміз.»

   Әр жыл сайын баспалар үйі жүздеген кітаптар жарыққа шығарып жатса да авторлар тарапынан ықыластың жетіспеушілігі деген ұранмен өте көп наразылықтар айтылып жатады. Гамильтон Мартин Пресс баспасына дейін кітаптарын шығармашылық тұрғыдан қатты әсер алған криминалды сүйікті жазушысы Рут Кавинтың баспасынан шығарып отырды.  2011 жылы Рут қайтыс болғаннан бастап, Мартин Пресспен өте жақын әдеби байланыста келеді. Гамильтон соңғы жылдары өзін әлек қылған біраз  баспаларды атап өтті, бұл Мартин Пресске ескерту ретінде жасалды.

  «Меніңше, көп авторлар, жақсы, бәрі дұрыс болады деген тәуекелге көп барады, бірақ бәрі дұрыс болады деген түсінік екінші керемет дүниенің тууына негіз болатын шешім емес.»

  Мартин Пресстің әйел спикері Тресси Гюст: «Біз Стивтің жанкүйерлері үшін әрі қарай жұмысымызды жалғастырамыз, біз оған тек ғана жақсылықтарды тілейміз.» деді.

  «Ник Мейсонның екінші өмірі» атты кітабы өткен аптада жарияланды, бұл шығармада оқиға адамның түрмеден қашуы жайында болатын. 25 жыл өмірін адам төзгісіз өлім қалінде өткізген Мэйсон бес жылдан кейін өзіне қатты әсер еткен түрме қожайыны арқылы еркіндікке шығады. Қожайыны оны сыртқа шығару арқылы оған «бір жұмыс» тапсырады. Оның бұған дейінгі кітаптары «Жұмақтағы салқын күн» «Азулы айдың қысы»,  «Алекс Миснайд - эксполиция» сериялары өте үлкен сұранысқа ие болды.

  Детройттың тумасы ол өзінің сүйікті авторлары Рэймонд Чандлер, Джеймс Крамлидың криминалды туындыларын оқуды жақсы көрді. Мичигандық университетте көркем туындысы үшін  «Hopwood» сыйлығын жеңіп алды. IBM сайтында ол туралы ақпараттар жарысып жазылып жатты. Ол ешқашанда көңілге тыныштық бермейтін, айналасын ұйқыда жатқызбайтын автор ретінде оқырмандарды баурап алды. Ол өз тағдырын өз өмірі арқылы өзгерте алды, ол әр апта сайын Старр кітапханасында жиналатын жазушылар клубының белсенді мүшесі болды. Нью Йорктың солтүстігінде орналасқан бұл жер оның үйінен де алыс емес еді.

  «Әрбір бейсенбі күні түнде біз кітапханада алты, жеті жазушы жиналатын едік, сондықтан маған бейсенбі күнге бірнәрсе жазып апару керек болатын, сөйтіп мен жаңа бір оқиғаны, жаңа тарауды бастап кететінмін.» -дейді ол.

  Гамильтон «Жұмақтағы салқын күн» шығармасы үшін 1998 жылы Эдгар атындағы сыйлықтың иесі болды. «Байланған әртіс» туындысы үшін 2011 жылы екінші рет Эдгар атындағы сыйлықтың «Ең үздік роман» номинациясын жеңіп алды. Ол Элмор Леонард, Эван Хантер сияқты криминалды жазушылар қоғамынан шабыт алды, «Құстар» кітабында көп естеліктерді осы жазушылармен бөліседі. Ол Стивен Кинг, Харлан Кобен, Майкл Коннелли сияқты танымал авторлардан өзінің жаңа романы үшін жарнамалық хабарландыру алып отырды.

«Ли Чайлд, Харлан Кобен, Дон Уинслоу, Майкл Коннелли сияқты авторлар қазіргінің стандартына айналып кеткен.» -дейді ол.

  «Айналамызда неге әдеби жазушылардан гөрі криминалды жазушыларға сұраныс көп?» -деген тақырыпта өзіндік теория жасап шығады. «Себебі криминалды жазушылардың шығармаларында адам өлтіріледі, олар қалыптасқан қоғамдық жүйені бұзып шығады.»  -деп Гамильтон сөзін күліп жалғастырады. «Суе Графтон деген әйел жазушы алғашқы кітабында өзінің күйеуін өлтіргені туралы жазады, және содан кейін барып ол өзін жақсы сезіне бастайды.» Гамильтон 25 жасында үйленіп, екі баласы болған кезде, ол өзінің кейбір оқиғаларды баяндауына саналы түрде кедергі жасаған.

Стив Гамильтон: «Мен менеджерімнің офисіне келдім де, жанына отырдым, сосын былай дедім, мен  32 жыл осы компаниямен бірге болдым, енді тастайтын уақыт жеткен сияқты.» Бірақ ол менің бұл шешімді өзгертуімді қалады. «Меніңше әрі қарай бәрі жақсы болды, және олар сізге бізбен жұмыс істегеніңіз үшін төлем төлеп отырады, IBM де қалуды қалайсыз ба?»

«Мен миллион доллардың жұмысына келістім, ол маған бірнеше секунд үнсіз қарап қалды да, «Жақсы, Стив тамаша демалыстар өткізіңіз.» -деді.

The National|Arts&Life сайтынан алынды.

Ағылшын тілінен аударған: Runa Academy