ҚК: «ҚАЙРАТ» – «АТЫРАУ» САНДАР СӨЙЛЕСІН

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының ХХVI маусымы аяқталды. Кубок финалында «Қайрат» «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді. Осымен «Қайрат» Қазақстан кубогын 9-рет иеленді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Финалда ұтылған «Атырау» Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатыса алмайды. 5-рет чемпион атанған «Астана» келесі маусымда чемпиондар лигасының, «Қайрат» (Алматы), «Тобыл» (Қостанай) және «Ордабасы» (Шымкент) Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысады.

 

«Атырау» – «Қайрат» 0:1 (0:1).
Гол: А.Соколенко, 15 (0:1). 
Пенальтиді соға алмады: Б.Исламхан, 4.
Ескертулер: С.Кейлер, 41, Ю.Обшивац, 53, А.Сапаров, 83 – В.Швырев 90+3. 
Алаңнан қуылды: М.Хайруллин (кездесу аяқталғаннан соң). 
«Атырау» құрамы: В.Логиновский – Қ.Қалмұратов (А.Сапаров, 44), Р.Аблитаров, Ю.Обшивац, Э.Абдрахманов (Д.Жалмұқан, 63) – А.Бабатунде, Д.Нейн, Э.Сергиенко – Ф.Кубик, П.Сикимич (А.Родионов, 84), М.Хайруллин (к).
Қосалқы құрам: Д.Жұматов, Д.Қайраллиев, А.Нұрыбеков, А.Пасеченко, Ю.Перцух.
«Қайрат» құрамы: С.Покатилов – С.Кейлер, Н.Әліп, Е.Ахметов, А.Соколенко – А.Әбікен, Г.Жуков, Ғ.Сүйімбаев (Р.Люхай, 73), Б.Исламхан (к), М.Парагульгов (П.Кривенцев, 88) – С.Сәрсенов (В.Швырев 90+3).
Қосалқы құрам: Д.Лория, В.Плотников, М.Айманов, М.Котов, Р.Оразов, Д.Сүйінов. 
Бас төреші: Б.Қызылбаев (Ақтөбе).

 

Көмекшілері: Ғ.Айжігітов (Қызылорда), Е.Құсайынов (Астана).

 

2017-2018 жылғы Қазақстан кубогіне 16 команда қатысты: 12 клуб премьер-лига өкілі, 4 клуб бірінші лигадан. «Қайрат» пен «Атырау» финалға дейін 4 матчтан өткізді.

«Қайраттың» қарсыластары:

Кезең

           Қарсылас

Есеп

  1/8

«Оқжетпес» (Көкшетау)

5:3

  1/4

«Ордабасы» (Шымкент)

2:1 (пен.серия: 4:3)

  1/2

«Ертіс» (Павлодар)

«Ертіс» (Павлодар)

2:0

1:3

 

Кубоктік мачтарда алматылықтар тек қазақстандық футболшылармен ойнады. Бірінші лигада доп тепкен: В.Швырев (337 минут + 1 гол), А.Бақтияр (309 + 1 гол, 1 ассист), С.Сәрсенов (178), Б.Оразов (91), М.Котов (52), А.Шушеначев (47), Р.Люхай (30), Ә.Қасым (24) П.Кривенцев (6) секілді  футболшылар кубоктік ойындарда алаңға шықты.

«Атыраудың» қарсыластары:

Кезең

          Қарсылас

Есеп

  1/8

«Ақжайық» (Орал)

 1:0

  1/4

«Тобыл» (Қостанай)

 2:1

  1/2

«Шахтер» (Қарағанды)

«Шахтер» (Қарағанды)

 0:0

 3:1

 

«Қайрат» Қазақстан кубогының финалына 11 рет шыққан. 2 рет жеңіліп («Тараз» 0:1 (2004), «Астана» 1:2 (2005) 9 рет жеңімпаз атанды:

  Уақыты

Қарсылас

Есеп

08.08.1992

«Тараз»

 5:1

26.04.1997

«Восток» (Өскемен)

 2:0

06.07.2000

«Қызылжар» (Петропавл)

 5:0

17.11.2001

«Астана»

 3:1

11.11.2003

«Тобыл» (Қостанай)

 3:1

22.11.2014

«Ақтөбе»

 4:1

21.11.2015

«Астана»

 2:1

19.11.2016

«Астана»

 1:0

14.10.2017

«Атырау»

 1:0

25.10.2017

«Атырау»

 1:0

 

Қазақстан кубогында «Қайрат» пен «Атырау» 7-рет кездесті. Финалда 2 рет жолыққан: 1) «Қайрат» – «Атырау» 1:0 (Ж.Гоу), 2017 жыл; 2) «Атырау» –  «Қайрат» 0:1 (А.Соколенко), 2018 жыл.

7 ойында «Қайраттықтар» 11, «Атырау» 1 гол соққан. Тіркелген ірі есеп: 3:0 («Қайраттың» пайдасына).

Маусым соңында «Қайрат» бапкері Карлос Алос Ферер жұмысынан кетті. Бас бапкердің қызметін уақытша Андрей Карпович атқарды. Бұдан бөлек, Қазақстан кубогы жолындағы барлық 5 кездесуде де А.Карпович бас бапкер қызметінде болды. Осылайша, 9 жылдан кейін алғаш рет қазақстандық маман кубок жеңімпазы атанды. Соңғы рет 2009 жылы Вахид Масудов шәкірттері («Атырау» ФК) кубокты еншілеген еді.

Бауыржан Исламхан карьерасында 4-рет кубок иегері атанды. Осылайша «Қайрат» капитаны Алексей Клишинмен теңесті.

 

«Қайрат» пен «Атырау» арасындағы финалдық матчқа бар болғаны 4.500 жанкүйер келді. Бұл соңғы 20 финалдық ойындағы ең төмен көрсеткіш (1999 жыл – 2.500 жанкүйер).

«Ордабасы» «Қыранды» (екеуі де Шымкенттен) 6:0 есебімен жеңді. Бұл – кубок бәсекесіндегі ең ірі есеп.

«Оқжетпес» – «Қайрат» арасындағы 1/8 финалда 8 бірдей доп соғылды (3:5). Бұл – турнирдегі ең көп гол соғылған ойын. 

 

«Астананы» 1:3 есебімен жеңген «Мақтаарал» (Жетісай) жарыстың басты сенсациясын жасады;

Турнирдегі 3 ойын пенальтилер сериясына дейін жалғасты. 1/8 финал: «Шахтер» – «Қызылжар» (Петропавл) 7:6, «Тараз» – «Ертіс» 4:5; 1/4 финал: «Ордабасы» – «Қайрат» 3:4.

«Қайрат» капитаны Б.Исламхан 5 матчта 2 пенальтиді сәтсіз орындады: «Ертіс» (жартылай финал); «Атырау» (финал) қақпаларына гол соға алмады.

Қазақстан кубогының үздік сұрмергендері:

1.     Б.Исламхан («Қайрат») – 4 гол (3 гол – «Оқжетпес», 1 – «Ертіс» қақпасына соқты)

2.     И.Зенкович («Атырау») – 3 гол (2 гол – «Тобыл», 1 – «Шахтер»)

3-5. К.Фонсека («Ертіс») – 2 гол («Қайрат»), М.Төлебек, В.Ли – 2 гол (екеуі де «Қыран» қақпасына соқты).

 

 

«SportMania» (Ильяс Сәрсенбай).