Weekend

Димаш Құдайберген Ресей жұртшылығын ерекше даусымен тәнті етті

"Субботний вечер" бағдарламасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қайтланбас даусымен әлемді таңғалдырған Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген "Россия 1" телеарнасындағы "Субботний вечер" бағдарламасында ән шырқады.

Танымал шоудың жүргізушісі, әнші Николай Басков "Субботний вечер" сахнасында, бірегей дауыс иесі, жаңа жұлдыз – Димаш Құдайберген", — деп таныстырды.

Димаштың әні телебағдарламада ең соңынан шырқалды. Әннің соңында көрермендер ерекше қошемет көрсетіп, ұзақ уақыт қол шапалақтады. 

Еске сала кетейік, 19 қараша күні Лондонда өткен Димаш Құдайбергеннің шоуына 4,6 мыңға тарта көрермен жиналды. Қазақ  әншісінің жанкүйерлері бірнеше сағат бұрын келіп, кезекке тұрды, Indigo at the O2 концерт залы лық толды. Шоу барысында көрермендер "Adajio", "Дайдидау", "Сағындым" және тағы басқа әндерді тыңдады.

https://youtu.be/UFir7HKZIB4