Weekend

Қазақстанның белгілі актері қайтыс болды

Қазақ өнерінің аңыз адамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі актер, педагог, Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері. Қазақстан Білім беру ісінің Үздігі Есім Жүкеұлы Сегізбаев дүниеден өтті.

Суық хабар туралы Қазақстанның өнер жұлдыздары интернет желісінде жазды.

«Саналы ғұмырын сахна саңлақтарына сабақ берумен сарп еткен ұлағатты ұстаз, профессор Есім Сегізбаев фәниден бақиға аттанды. АЛЛА тағала ЖӘННАТтан жай нәсіп еткей» - деп жазды Сәкен Майғазиев.

https://www.instagram.com/p/Bql-Z25n5JT/?utm_source=ig_embed

«Ұстазым Сегізбаев Есім Жүкеұлы "келместің кемесіне" мініп кетті. Жүрегім қарсы айырылып, қабырғам қайысып отыр. Қалың жұртқа қатты қайғырып көңіл айтамын. Я Раббым, асқар тауымызға жәннәтыңның төрін бере гөр!!!» - деп жазды әнші Төреғали Төреәлі.

https://www.instagram.com/p/BqmPoX_hA3A/?utm_source=ig_web_copy_link

Есім Жүкеұлы 1937 жылы 14 сәуірде Көкшетау облысы, Рузай ауданы, Сарыадыр ауылында дүниеге келген. 1978 жылдан бүгінге дейін Есім Сегізбаев негізгі кәсіби мамандық «Актер шеберлігі» пәнінен дәріс беріп, өз шеберханасынан драма және кино, музыкалық театр актерларының 13 тобын (200-ден астам шәкірттерді) оқытып шығарды. 15 дипломдық спектакль қойды. Одан білім, тәрбие алған талантты шәкірттері Астана мен Алматыда және Қазақстанның барлық қазақ театрларында, радио- телестудияларында, өнер мекемелерінде қызмет етеді.

Шәкірттерінің ішінде: 12 (Қазақстанның халық әртісін), 1 (Қытайдың халық артисін), 1 (ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерін), 14 (Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлерін), 30ға жуық (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері мен мәдениет қайраткерілерін) бар.

«Қысқаша орысша-қазақша театр терминдерінің түсініктеме сөздігі», «Украинша-қазақша сөздіктерінің» авторы. «Қоюшы – педагогтың дипломдық спектакілмен жұмыс істеуі» ғылыми –метдикалық еңбек жазды, жоғары және орта өнер оқу орындарына арналған «Актер шеберлігі пәнінің типтік бағдарламаларының авторлар ұжымының бірі және аударылған оперетталар «Оқулық –көрнекті құрал» еңбектері бар.

Жалпы еңбек стажы 58 жыл. Өнер саласындағы стажы 47 жыл.