Weekend

У-Син: Бес элементтің теориясы

Бес элементке келетін болсақ, біріншісі – су, екіншісі – от, үшіншісі – ағаш, төртіншісі – металл және бесінші – жер деп аталады. Су, табиғат сапасы ретінде –ылғалдандыру және төмендету. От – жану және көтеру. Ағаш – иілген немесе түзу сызықтар. Металл – кез-келген пішінді қабылдап, қатты болуға қабілетті. Жер – дәнді себуге, өсіруге, егін жинауға мүмкіндік береді. Шу цзин. Чжоу шу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Қажет екенін түсінсеңіз де, сол істі бастау қиынба?.. Оның жауабын Қытай метафизикасы береді: өміріңізде бір нәрсені өзгерте алмасаңыз, онда ол үшін энергияңыздың жетіспеуі мүмкін.

Өмірлік энергия немесе Ци – қытайлық философияның негізгі санаттарының бірі, Қытай мәдениетінің негізі. Мысалы, авторы аты аңызға айналған император Хуан Ди (шамамен б. з. д. 2600 ж.) деп табылатын ең көне медициналық трактат «Нэй цзинде» былай жазылған: «Ағзада ауруды тудыратын жер болсса, онда Цидің жетіспеушілігі анық».Қытай метафизикасына сәйкес, Ци бастапқы біртұтас энергиясынан екі қарама-қарсы күш пайда болады – Инь және Ян. Инь және Янның кезектесуі табиғаттағы барлық үдерістердің циклділігін анықтайды: түн мен күн, қыс пен жаз, суық пен жылу, дем алу мен дем шығару және т. б.Ал Инь мен Янның өзара әрекеттесуі табиғаттың барлық заттары мен жағдайларының негізі болып табылатын бес алғашқы элементтері немесе Ци энергиясының қозғалысын тудырады: су, ағаш, от, жер (топырақ) және металл. Мұндай түсінік«У-Син»(бес элемент немесе қозғалыс) концепциясын қалыптастырды, оған сәйкес әлемнің барлық құбылыстары тұрақты қозғалыста болады.«У-Син» теориясының ерекшеліктері және осы тұжырымдамадағы сіздің орыныңызпрактикалық тұрғыдан осы тұжырымдамадағы сіздің қандай элементке жататындығыңызды білу маңызды. Ең жақсы таңдау – қытайлық астрологияның тұрғысынан туу кестеңізді талдау. Алайда, жеңілдетілген, бірақ тиімді әдісі бар. У-Син тұжырымдамасындағы орыныңызды қарапайым тәсілмен анықтау үшін, сіздің туған жылыңыздың соңғы санына қарау жеткілікті:0 және 1 - «Металл».2 және 3 - «Су».4 және 5 - «Ағаш».6 және 7 - «От».8 және 9 - «Жер».* Егер сіз қаңтар айында, ақпан айының басында (4-5 санына дейін) тусаңыз, өткен жылды қарайсыз.Туылу және бақылау циклдарына сәйкес, әрбір элементте екі жақын элементі бар – бірі оны қоректендіреді (қуаттандырады), екіншісін ол өзі қоректендіреді. Оны бұзатын«дұшпандық» элементі бар және ол өзі бұзатын бір элементі болады. Мысалы, туған жылы бойынша сіз «Металл» болсаңыз: онда сізді «Жер» және «Металл» элементтерінің адамдарын, заттары, өнімдері және құбылыстары «қоректендіреді», яғни қолдау көрсетеді. Сіз өзіңіз «Суды» «қоректендіресіз», яғни қолдау көрсетесіз. Сізді «Отпен» байланысты нәрсе бұзады, Сіз «Ағашпен» байланыстыны бұзасыз.


Өзіңізге ең жақсы бағыттарды, түстерді, маусымдарды және өмірдің негізгі факторларын анықтау үшін, төмендегі кестеге қараңыз:



Ағаш

От

Жер

Металл

Су

Бағдары

Шығыс, оңтүстік-шығыс

Оңтүстік

Оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, орталық

Батыс, солтүстік-батыс

Солтүстік

Жыл уақыты

Көктем  

Жаз

Әр маусымның соңы

Күз

Қыс

Негізгі фактор

Жел 

Ыстық

Ылғал

Құрғақ

Суық

Табиғат

Тікбұрышты формалар. Иілу және түзетуге бейімілік. Қисық және түзу.

Үшбұрыш, конус. Жану және жоғары көтерілу. Сағат тілі бойынша қозғалыс.

Шаршы. Егістерді қабылдайды және береді. Бәрімен орналасады

Сыртқы әсерге бағынады және өзгереді. Жаңартуды тудырады.

Дымқыл және төмен ағады. Сағат тіліне қарсы қозғалыс.

Планетасы

Юпитер

Марс

Сатурн

Шолпан

Меркурий

Түсі

Жасыл

Қызыл

Сары, қоңыр

Ақ, металл түсті

Қара, көк

Адамда

Физиология, өсу, даму, оқу

Эмоциялар, мотивация, оптимизм

Интеллект, алдын алу, жоспарлау

Структура мен жинақылық, қаттылық пен тәртіп

Ақпарат, шығармашылық, интуиция

 Дереккөзі:http://www.life-dzen.ru