Weekend

"Алтын граммофон" қазақстандық әншінің еншісінде

Медина әнін білетіндер үшін таныс есім

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық әнші Jah Khalib Мәскеуде алғаш рет "Алтын граммофон" алды.

Әнші жүлденің дебютанты болды, бұл жүлде "Медина" әні үшін берілді. Салтанаттың жүргізушілері Иван Ургант пен Сергей Светлаков әншіден қандай сезімде екенін сұрады.

"Керемет бақытты сезімдемін. Бізге қолдау көрсететін барлық адамға, барлық командаға, ата-анама алғыс айтқым келеді және баршаға барлық жақсылықты тілеймін", - деді Jah Khalib.

"Осындай жас, талантты әрі қарапайым адамдардың келіп, "Алтын граммофон" жүлдесін алатыны қандай жақсы", - деді Иван Ургант.

Дереккөз: tengrinews.kz