Саясат

Өзбекстанның экс-президентінің қызы Кәрімованың үйін Мирзиеевтің күйеу баласына берді

Кәрімовтің қызының үйін Мирзиеевтің күйеубаласына берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аумағында арнайы демалыс орны мен бірнеше ғимарат орналасқан Гүлнара Кәрімованың резиденциясын Өзбекстанның триатлон Федерациясына беретін болды.

Ал аталған Федерацияны Өзбекстан Президентінің күйеубаласы Отабек Омаров басқарады.

Ташкент облысының Бостандық ауданында орналасқан "Сижжак" демалыс орнында триатлоннан Өзбекстан Ұлттық құрама спортшыларының дайындық базасын құру жоспарланған. Ол үшін бюджетен 1,7 миллион доллар да қарастырылған.

Демалыс орны аумағында қонақ үй кешені, бірнеше бассейн мен коттедж, су бұрқақтары т.б. көптеген нысандар бар. Бұның барлығы марқұм Ислам Кәрімовтің қызы Гүлнара Кәрімованың дүние мүлкі болған. 2017 жылы Ташкент облыстық соты оның дүние-мүлкін тәркілеген.

 аbai.kz