Саясат

Елжан Біртанов: Биылдан бастап білімін растамаған түлекке диплом берілмейді

Енді медициналық университетте жалпы білім алу мерзімі 1 жылға қысқаратын болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұдан былай мемлекеттік грантта оқыған интерндер де ауылда 3 жыл жұмыс істеуге міндетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Осылайша 7 жыл бұрын қабылданған заң биыл күшіне еніп отыр. Ауыл квотасымен оқыған дәрігерлер шалғайдағы кадр тапшылығын жоймай отыр. Былтыр елді-мекенге 700 түлек жіберілсе, биыл олардың саны 2000-ға жеткен дейді.

"Ауылға 2000 түлек жіберілсе де, әлі кадр тапшылығы шамамен 30 пайыз. Сондықтан алдағы 2 жыл мемлекеттік грантта оқыған медицина мамандарын ауылға жібереміз. Бұл - заңда көрсетілген міндет", - дейді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Сондай-ақ, "Астана" телеарнасының мәліметінше, енді медициналық университетте жалпы білім алу мерзімі 1 жылға қысқаратын болды. Яғни студенттер жоғарғы оқу орнында 7 жыл емес, 6 жыл оқиды. Министрлік тиімді оқыту жүйесін енгізіп, интернатураның 1 жылын алып тастады. Бұдан бөлек, биылдан бастап білімі расталмаған түлекке диплом берілмейді. Ведомсто болашақ дәрігерлерді тәуелсіз бағалаудан өтуге міндеттеп отыр.

"Биыл бітірген 11 түлек өз білімін растай алмады. Енді олар 1 жыл ішінде бұл емтиханды қайта тапсыруға міндетті. Содан кейін ғана дипломдары беріледі. Еңбек нарығына өту үшін қазір қатаң жүйе енгізілген", - деді министр.