Спорт

Неймар келер жылы ПСЖ клубынан кетеді

Бразилиялық футболшы клуб басшылығымен келісе отыра клубтан кететін болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Францияның ПСЖ клубы шабуылшысы  Неймар маусым соңында командадан кетеді. Бұл туралы каталонияның Beteve басылымы хабар беруде. 

Басылымның  ақпараты бойынша, ПСЖ футболшыны 200 миллион евродан кем болмаған бағаға сатуға дайын. 

Футболшының бұрынғы командасы “Барселона” Неймардың агентімен келіссөзді бастап жіберген. Каталониялықтар Неймарды артқа қайтарғысы келеді.

Бұдан алдын, қос тарап  Неймар жəне Дембеле  ауысымы жайлы келісіп алғаны туралы  ақпарат тараған болатын.