Bugin

Атамбаевтың үйіне қайта шабуыл жасалуда (видео)

Полиция қызметкерлері Атамбаевтың резиденциясына қайтадан шабуылдан жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұған куәгерлердің әлеуметтік желіде таратқан видеолар куә, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы barometr.kg сайтын сілтеме жасап.

Резиденция маңына тәртіп сақшылары тиелген 15 автобус пен әскери көліктер кеп тоқтаған. Сонымен қатар, куәгерлер көшеде арнайы әскери техникалардың да жүргенін айтуда.

Полиция қызметкерлері жасауратқыш газ қолдануда. Атамбаевтың жақтастары мен құқық қорғау органдарының арасында тағы да қақтығыс басталды.

Қырғызстандағы Спутник басылымының хабрлауынша, Атамбаевтың жақтастарының саны, шамамен, 400 адамның айналасы. Ал басып алуға келген тәртіп сақшыларының саны 200-ге тарта.

Ал «Медиа форум» ғимаратының алдына жиналған наразылық танытушы жұрт қазір Қой-Ташы жаққа қарай бағыт алуда.

Бішкек қаласының кейбір аймағында ғаламтор ұстамайды, бұғатталып қалған.

Айта кеткен жөн, кеше Атамбаевтың Қой-Ташыдағы резиденциясы маңындағы полиция жасағы мен экс-президенттің жақтастарының арасында қарулы қақтығыс болған болатын. Одан бір адам көз жұмды. Ол Атамбаевтың атқан оғынан қаза табуы мүмкін деген болжам бар.