Денсаулық

Президент оқушыларға жыныстық тәрбие сабағын өткізуді ұсынды

Психологиямызды өзгертуіміз қажет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұрсұлтан Назарбаев жасөспірімдерге жыныстық дамудың ерекшеліктері туралы айтуға шақырды.

VIII Азматтық форумда көп нәрсе талқыланды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев түрлі тақырыпта әңгіме қозғады. Соның ішінде қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі - жас аналардың нәрестесінен бас тартуы, жас отбасылардың арасындағы кикілжің мен ажырасу мәселесі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бүгінде ажырасу мәселесі көпшілікті  алаңдатып отыр. Жылына ерлі-зайыптылардың 25-30%-ы ажырасады екен.

«Мектепте балаларға бұл тақырыпта білім бермейміз. Ер адам мен әйел адам арасындағы қарым-қатынас, есею, қалай жүкті болады - мұның барлығын ұят деп есептейміз. Басқа елдерде 14-15 жастағы балалар бұл тақырыптардан хабардар, себебі оларды мектеп жасынан оқытады. Ал біз үшін бұл ұят. Психологиямызды өзгертуіміз керек. Мұндай мәселелерді талқылаған уақытта «ұят» деген сөзді ұмыту қажет. Өскелең ұрпақтың болашағы үшін осыған назар аударып отырмын» - деді Президент.

Ол сонымен қатар жастардың отбасылық өмірге дайын болмауы  ажырасуға себеп болатынын айтып өтті.

Оның айтуынша, қыздар өзінің ролін терең түсінбейді, ал жігіттер мұның үлкен жауапкершілік екенін білмейді. Отбасын асырай алмайтын адам, оны құруға шамасы келмейді. Бұл мәселені балаларға күнделікті айтып, ескертіп отыру қажет.