Саясат

Ердоған Назарбаевқа қоңырау шалды

Назарбаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елбасының ресми сайтының мәліметінше, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында, Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтаған.

Сондай-ақ Түркия мемлекет басшысы мен Қазақстанның тұңғыш президенті екі ел арасындағы стратегиялық ықпалдастықтың бірте-бірте нығайып келе жатқанын атап өтті.

Айта кетсек, телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болыпты.