Спорт

Қазақстандық волейболшы қыз VTV Cup Мисс титулына ие болды

20 жастағы қазақстандық Динара Сыздықова Вьетнам теледидарының халықаралық турнирінде (VTV Cup) ең әдемі волейболшы болып танылды деп жазады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Динара Сыздықова өскемендік «Алтай-2» волейбол командасында ойнайды. Жақында команда Вьетнам теледидарының Кубогында өнер көрсеткен болатын. Алайда волейболшыларымыз өз тобында соңғы орынды иемденіп, титул іздеушілер қатарына ене алмады, деп хабарлайды vksport.kz.

Белгілі болғандай, VTV Cup – бұл спорттық шара ғана емес, сонымен қатар сұлулық сайысы да.Турнир барысында БАҚ, жаттықтырушылар мен команда өкілдері спортшылардың әр қайсысын мұқият бақылап, соңында ең әдемі аруды таңдайды. Бұл жолы Мисс VTV Cup атағын Динара Сыздықова иеленді. Кейбіреулер, тіпті, оны «Тақ ойыны» сериалының басты кейіпкері Дейнерис Таргариенмен де салыстырған еді. Жеңімпазға тәж және лентамен бірге 300 доллар көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.