Weekend

Сан-Францисколық «жүгіруші-суретші»

Оның туындыларының ішінде Фрида Калоның портреті мен "Энтерпрайз" кемесі де бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сан-Францисколық тұрғыны Лени Моган қаланы аралап жүгірген бағыттарын картаға сызып, суретке айналдырған. Ол картадан әдемі сурет шығатындай етіп көше мен жолдарды таңдап, сонымен жүгіріп шыққан. Бұл туралы The Guardian жазады.

Мысалы, жақында ғана жүгірген жолы картада Фрида Калоның портретіне ұқсайды. Бұл картинаны "жасау үшін" жеңіл атлет алты сағат уақытын арнап, барлығы 47 шақырым жерді жүгіріп шыққан.

Мұндай хоббимен Моган төрт жыл бойы әуестеніп келеді. Осы уақыт ішінде 54 сурет "жасаған": ең басында қарапайым бейнелерден бастаған ол қазір раушан гүлдің немесе «Жұлдызды жол» сериалындағы «Энтерпрайз» кемесін «сала» алады.

Моганның айтуынша, бастапқыда ол «жүгіруші-суретші» болғысы келмеген. Бірақ жүгіруге арналған мобильді қосымшалар танымал бола бастаған кезде, жүгірушілер өздерінің бағыттары кейде ерекше болып көрінетінін байқай бастаған: 

- Негізінен көбі қызық үшін еркектің «жыныс мүшесін» картада бейнелеуге тырысатын, бірақ мен қызықты әрі ерекше дүние жасағым келді. Сан-Франциско – бұл менің кенебім. Ал көшелер - менің жұмысым, олардан фигура "ойлап табамын". Жалпы айтқанда, бұлтқа қарап, оны түрлі бейнеге ұқсатқан бала сияқтымын, - деді Моган.

theguardian.com