Bugin

Ресейдің танымал рэпері саяси тұтқынды босатып алуға 2 млн рубль төлемек болды

Бірақ оны сот залына кіргізбей қойған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

27 шілде күні Мәскеу қаласында өткен митингте ұсталып, «жаппай наразылық ұйымдастарды» деген айыппен сотқа тартылған саяси тұтқын – студент Егор Жуковты сот залынан босатып алу үшін танымал рэпер Оксимирон 2 млн рубль кепілақы ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Дождь басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Жуков пен басқа да саяси тұтқындарға қолдау көрсету үшін рэпердің өзі сот залына келген. Алайда судья оны сот залына кіргізбей қойған көрінеді.

Рэперден басқа Мәскеу қалалық думасына үміткерлігін ұсынып, өте алмай қалған Навальныйдың командасында жүрген Любовь Соболь да сотқа келген.   

Саяси тұтқындарды босатып алуға кепілақы ұсынған басқа да танымал тұлғалар болған. Мәселен, бұған дейін «Медиазона» басылымының бас редакторы Сергей Смирнов те саяси тұтқындардың бірін босатып алу үшін 1 млн рубль кепілақы ұсынған екен.

Айта кеткен жөн, соңғы уақытта Ресейде наразылық шаралары күшейіп, оларға қатысты тергеу және жазалау амалдары да күшейтілген болатын. Ал соңғы өткен 10 тамыз күні рұқсат етілген митингке 50 мыңнан астам адам жиналған.