Спорт

Айбек Нұғымаров «Әлем барысының» екі дүркін жеңімпазы

Әлемдік дода мәресіне жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында қазақ күресінен «Әлем барысы» абсолюттік чемпионаты өтті. Әйгілі балуан Айбек Нұғымаров екінші рет қатарына «Әлем барысы» атанды.

«Әлем барысына» еліміздің атынан 5 балуан қатысты. Атап айтсақ, Айбек Нұғымаров, Руслан Әбдіразақов, Ерсұлтан Мұзаппаров, Нұрдәулет Жарылғапов және Айбат Сейтен.

Финалда Айбек тәжірибелі балуан Ерсұлтан Мұзаппаровпен белдесті. Жартылай финалда Айбек грузин балуаны Тушишвилиді жеңсе, Ерсұлтан орыс балуаны Бобиковтан айласын асырды.

«Әлем барысы» биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Алғаш рет 2016 жылы Павлодарда өткен бәсекеде кубалық Оскар Рене Видаль Брайсон топ жарды. Жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды.

Дереккөз: Жас Өркен