Саясат

Алаш орданың 5 ұстанымы

Тұрсын Жұртбайдың еңбегі негізінде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алаш тарихын терең зерттеген белгілі қаламгер Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным – Алаш» кітабында, автор тәуелсіздікке ұмтылған алашордалықтардың негізгі ұстанымдарын жіктей келіп беске бөліп қарастырған.

 

Әлихан Бөкейханұлының ұйғарымы бойынша:

І ұстаным

Жер. Жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді.

ІІ ұстаным

Жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Оның әр бір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек.

ІІІ ұстаным

Бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек. Яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс.

IV ұстаным

Халел Досмұхамедовтың пайымдауынша:

Қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек. Ұлттық мәдениет үстемдігі сақталуы тиіс.

V ұстаным

Тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру.