Спорт

«Алтын доп – 2018»: Неге Лука Модрич алды?

Футбол – командалық ойын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Алтын доп» әлемдегі ең үздік ойыншының шеберлігін көрсете отырып, дауыс беру арқылы берілетін футболдағы басты атақ. Қатарынан бес-бес реттен бұл атақты бермей келген Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың эрасы аяқталды. 2018 жылдың басты сыйлығы «Алтын допты» Реал Мадридтің жартылай қорғаушысы, Хорватия ұлттық құрамасының үздік ойыншысы Лука Модрич иеленді. Әділ әрі анық берілген баға болды.

Айта кету керек, Модрич осыған дейін Ресейде өткен Әлем біріншілігінде үздік ойын көрсетіп, көзге түсіп командасымен финалда Францияға қарсы өнер көрсеткен болатын. Тек бұл ғана емес, УЕФА мен ФИФА тағайындаған «Ең үздік ойыншы» атағын да қанжығалады.

Роналду мен Мессиді жолда қалдырып, өзінің сыбағасын алған Лука Модрич енді әлем мойындаған ойыншылардың бірі болып қалады.

 

Неге Модрич алды?

Таң қалатын ештеңесі жоқ. Футбол – спорттың бірі түрі. Ювентуске ауысқан Роналду мен Барселона сапында өнер көрсететін Месси футболды жалғыз ойыншыға тәуелді жағдайда суреттеп кетіп еді. Алайда, футболдың командалық ойын екенін, оған да жігер, оған да рух пен жанкүйерлердің қолдауы керек екенін Хорватия командасы өз кезінде көрсетіп-ақ тастады. Ал сол жерде аянбай тер төгіп, үздік ойын көрсеткен – Модрич!

 

Міне, әлем ақыры Лука Модричтың алаңдағы ойынынан бұрын, бойындағы еліне деген, жеңіске деген ұмтылысын, командадағы әсер еткен әрекеттерін ескере отырып дауыс берді, таңдады.