Спорт

"Алтын доп" жүлдегерлер саны бойынша "Реал" барлық клубтарды басып озды

Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич "Реал" тарихындағы "Алтын доп" жүлдесін алған жетінші футболшысы болды

 

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұған дейін «карольдік клуб»тан Альфредо ди Стефано (1957, 1959), Раймон Копа (1958), Луиш Фигу (2000), Роналдо (2002), Фабио Каннаваро (2006) жəне Криштиану Роналду (2013, 2014, 2016, 2017) аталмыш жүлдені жеңіп алған болатын. 

 

Модричтің осы жеңісінен соң "Реал"  "Алтын доп" иегері атанған  футболшылар саны бойынша  басқа клубтарды артта қалдырды.  Кейінгі орындағы "Барселона", "Ювентус" жəне  "Милан"ның 6 бірдей футболшылары  "Ballon d'Or" иеленген болатын.

 

Жүлделердің жалпы саны бойынша  мадридтіктер  католониялықтарға жетіп алды. Қос испан клубында да 11 жүлдеден бар. 3-4 орындарда екі итальян клубтары "Ювентус" жəне "Милан"  келеді.

 

Айта кететін жайт, бұл жылы үміткерлердің тізімінен Мадридтік "Реал" клубының 8 футболшысы, "Барселона" жəне "Атлетико" ның 3 бірдей футболшысы орын алды