Weekend

Фариза Оңғарсыноваға ескерткіш тақта орнатылады

«Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері Фариза Оңғарсынова

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2018 жылдың 19 желтоқсан күні сағат 12.00-де Алматы қаласында аса көрнекті ақын, Қазақ КСР Мемлекеттік және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері Фариза Оңғарсынованың тұрған үйіне мемориалдық ескерткіш тақта орнату рәсімі өтеді,- деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Жазушылар Одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ескерткіш тақта Зенков көшесі 77 үйде (Шевченко көшесінің қиылысы) орнатылады.
Зиялы қауым өкілдері мен ақынның ұрпақтары қатысатын бұл игі шара,  «Қазақтың Фаризасы» атанған ақынның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында жасалған  айтулы еңбек болмақ.