Weekend

Қазақстанның 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Метеорологиялық жағдай жайсыз болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 5 желтоқсан күні Қазақстанның 8 қаласында  метеорологиялық жағдай жайсыз болады.

Атап айтқанда, еліміздің негізгі: Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Өскемен, Көкшетау, Талдықорған, Орал және Шымкент қалаларында метеорологиялық жағдай жағымсыз болады. Атмосферада ластаушы заттар шоғырлануы ықтимал. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.