Hi-Tech

1500-3000 доллар жалақыға жұмыс істейтін 35000 маман керек

Елімізге киберқауіпсіздік саласындағы кәсіби мамандар қажет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізге киберқауіпсіздік саласындағы кәсіби мамандар қажет. Осы салада орташа жалақы шамамен 1500 - 3000 долларды құрайды.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Тимур Шәймерденовтің айтуынша, бүгінде отандық киберқауіпсіздік саласына 35 мың маман қажет. Елімізде осы санаттағы мамандардың саны 50 процентке де жетпейді.

"Қазір республика бойынша шамамен 80 ұйым бар. Әрбіреуінде жеке ақпараттық жүйе бар", - деді Т.Шәймерденов ҚР Парламент Сенатында өткен жиында.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, мемлекеттік органдарда 1 500 маман жұмыс істейді. Бірақ оның өзі аз болып тұр. Мемлекеттік сектордың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тағы сонша маман қажет. Ал жеке меншік компаниялардың барлығын қамту үшін 35 000 маман керек. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараттық қауіпсіздік департаментінің басшысы Сергей Журавлевтің сөзіне қарағанда, мемлекеттік секторда киберқауіпсіздік мамандары айына 500-600 доллар алады. Ал жеке меншік салада олардың жалақысы 1500-3000 долларға дейін барады.

"Негізі, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, киберқауіпсіздік нарығымен жеке меншік сектор айналысады. Бұл дегеніміз, мемлекет қажетті жағдайды жасайды, ал жеке меншік компаниялар ақпараттық қауіпсіздік шараларымен айналысады", - дейді С.Журавлев.

Айта кетейік, алдағы уақытта Қазақстанда "Қазақстанның киберқалқаны" тұжырымдамасы аясында жаңа академияны ашу жоспарланып отыр. Ал ҚР ҰҚК Шекара қызметінде жаңа батальон құрылады.

                                                                                                                                                                                                Дереккөз: inform.kz