Спорт

Бокстан 2019 жылғы Әлем чемпионаты Ресейде өтеді

2017 жылғы Әлем чемпионаты Германияның Гамбург қаласында өткен болатын

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бокстан 2019 жылғы ерлер арасындағы Әлем чемпионаты келесі жылдың қыркүйек айында Екатеринбург қаласында өтеді. Свердловск облысының ұсынынан кейін Ресей Бокс Федерациясы осындай шешім қабылдады. Ресей мемлекеті әлем біріншілігін 2017 жылдың шілде айында өткізуге мүмкіндік алған, және бастапқы кезден Сочи қаласында өтеді деп жоспарланған болатын.

"Бізде халықаралық дәрежедегі, статусы жоғары халықаралық жарыстарды өткізуде үлкен тәжірибе бар, әлем чемпионатының жоғары деңгейде ұйымдастырылуы үшін бар жағдай жасалған", - деді өз сөзінде Свердловск облысының губернаторы Евгений Куйвашев.

Губернатордың сөзіне дәлел келтіре кетсек, Ресей футболдан 2018 жылы төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі дода Әлем чемпионатын қабылдаған болатын.

Ресейдегі жарыс өткізетін негізгі алаң халықаралық "Екатеринбург-ЭКСПО" көрме орталығы.

Әлем біріншілігінің 2019 жылы қыркүйек айында өткізілетіндігі белгілі, бірақ жарыстың өтетін нақты күні Халықаралық әуесқой бокс ассоциацасының шешімімен белгіленеді.

Еске сала кетейік, бокстан 2017 жылғы Әлем чемпионаты Германияның Гамбург қаласында өтіп, Қазақстан құрамасы сапынан Қайрат Ерәлиев чемпион атанған болатын.  

Дереккөз: m.allboxing.ru