Спорт

Илья Илин әлем чемпионатына қатысатын болды

16 қыркүйек күні Тайландта өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

16 қыркүйек күні Тайландтың Паттая қаласында ауыр атлетикадан 85-ші әлем чемпионатының шымылдығы түріледі. Осы орайда, Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі әлем біріншілігіне қатысатын спортшылар белгілі болды.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстаннан екі спортшы бақ сынайды. Олар – Зүлфия Чиншанло (55 келі) және Екатерина Быкова (71 келі).  Қазақстан ерлер командасының тізімі төмендегідей: 

55 келі: Арли Чонтей, Игорь Сон 89 келі: Денис Уланов

81 келі: Нихат Рахымов, Айдар Қазов

96 келі: Илья Ильин 

109 келі: Ибрагим Берсанов 

Паттаядағы әлем чемпионаты Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің санатына жатады. 27 қыркүйек күні мәресіне жететін жарыста ерлер мен әйелдер тоғыз медаль жиынтығын сарапқа салады.

Olympic.kz