Weekend

2018 жылғы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері кім?

Әдебиет пен өнер саласындағы сыйлық иегерлері анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысының қаулысымен 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегерлері анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы  Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасы қаулысының толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы:

1) ақын ТЫНЫШТЫҚБЕК ӘБДІКӘКІМОВКЕ  – «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар  жинағы үшін;

2) авторлар ұжымына: ТӨЛЕУБЕК НЫҒМЕТҰЛЫ ӘЛПИЕВКЕ, АЛАН АСҚАРҰЛЫ БӨРІБАЕВҚА, СҮНДЕТ ӘБДІРАХМАНҰЛЫ БАЙҒОЖИНГЕ «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға – «Абай» операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін;
3) авторлар ұжымына: АҚАН ҚАРҒАМБАЙҰЛЫ САТАЕВҚА, ӘЛИЯ НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ НАЗАРБАЕВАҒА, ТИМУР ҚАЗБЕКҰЛЫ ЖАҚСЫЛЫҚОВҚА, АЛТЫНАЙ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ НӨГЕРБЕККЕ, ӘДІЛ ЕРАЛЫҰЛЫ АХМЕТОВКЕ – «Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін;
4) ақын АҚҰШТАП БАҚТЫГЕРЕЙҚЫЗЫ БАҚТЫГЕРЕЕВАҒА – «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;
5) ақын ӨТЕГЕН ОРАЛБАЙҰЛЫ ОРАЛБАЕВҚА – «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін берілсін.

2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаев