Спорт

Владимир Мұқанов «Ақтөбеден» кететінін мәлімдеді

Ол клубқа екінші рет 2017 жылдың мамыр айында бас бапкер болып тағайындалған болатын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Ресейлік жаттықтырушы Владимир Мұқанов «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкерлік қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз жиынында футбол маманы және команданың бас директорыСамат Смақов мәлімдеген болатын.

Мұқанов 2017 жылдың мамыр айында «Ақтөбе» футбол клубына екінші рет бас бапкер болып тағайындалды. Оның басшылығымен клуб бір жарым жылдық маусымда 55 ойын өткізіп, 19 рет жеңіске жетті, 15 ойында тең түсіп, 21 матчта жеңіліске ұшырады.

64 жастағы маман Мұқановтың клубтан кетуінің басты себебі денсаулығының сыр беруі. Оған қыс айында ота жасалады.

«Владимир Васильевичтің жағдайы бір жарым жыл бұрын нашарлаған болатын, естеріңізде болса сырт алаңда «Жетісуға» қарсы ойынға бара алмады. Жағдай әр ай сайын күрт нашарлады. 2018 жылдың күзінде бұл жағдай күрделі мәселеге айналды. Енді оны ақпан айында ота күтіп тұр. Кейінге қалдыруға болмайды.

Біз Владимир Васильевитің емделуіне мүмкіндік береміз, егер денсаулығы қалпына келсе, оны клубқа қайтару жайында ойлануға болады», - дедеі Смақов.

Мұқановтың сөзінше, соңғы жылдары оны бірлескен тамыр аурулары мазалай бастаған, бірақ ол барлық уақытта отаны кейінге қалдырумен уақытын өткізіп алған.

«Ия, маған ота жасатуға тура келіп тұр. Сондықтан, Самат Смақовпен сөйлесе келе менің денсаулығыма байланысты клубпен бірлесе жұмыс жасауды тоқтатамыз деген шешімге келдік. Мені бірлескен тамыр аурулары көптен бері мазалап жүр, және ота бірнеше жыл бұрын жасалу керек болатын, бірақ әртүрлі себептерге байланысты ол кейінге қалып отырды.

Самат Кабировичке жеке, бапкерлер құрамға, клуб мамандарына және әрине командаға алғыс білдіргім келеді. Ешнәрсеге қарамастан, керісінше, біз жаман нәтижеге қол жеткізген жоқпыз. Және де мен ел біріншілігінде төртінші орын алып, тапсырманы орындадық, ал алты ұпайды алып тастағанына команданың кінәсі жоқ.

Біздің жанкүйерлерге жеке өз атымнан үлкен алғыс айтқым келеді. Олар Қазақстандағы ең мықты жанкүйерлер, бұл талқыланбайды да. Жанкүйерлер болмағанда табысқа жету әлдеқайда қиынырақ болар еді. Көп матчарда сол жанкүйерлердің қолдауымен айымыз оңынан туды.

Ота ақпан айының бас кезіне жоспарланып отыр. Кейін қайта қалыпқа келуіме екі ай уақыт қажет. Былайша айтқанда, мамыр айында қайтадан қатарға қосыламын. Егер көмегім керек болып шақыртып жатса, ойланбастан келемін. Себебі, мен үшін «Ақтөбе» туған командама айналды деп бұған дейін де айтқанмын.

Клуб өзінің бай тарихымен және құндылықтарымен премьер-лигадағы орнын сақтап қалатынына сенімдімін. Қандай жағдайда да мен команданың әр матчын мұқият бақылап жүремін және қолдау көрсетуге де дайынмын», - деді өз сөзінде Мұқанов.

Еске сала кетейік, Мұқанов «Ақтөбе» футбол клубын 2006-2012 жылдар аралығында жаттықтырды – осы уақыт ішінде команда үш рет Қазақстан чемпионы атанып, екі реттен күміс және қола жүлдені қанжығаларына байлады, сондай-ақ, Кубокті және ел Суперкубогін жеңіп алды.

«Ақтөбе футбол клубы Владимир Васильвичке ақтөбелік футболдың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Денсаулық және тез сауығып кетуіне тілектестік білдіреді!» - деп хабарланды клубтың баспасөз жиынында.

«Ақтөбеден бөлек, Мұқанов 2003 және 2004 жылғы маусымдарда «Тобылда» жұмыс жасап, Қазақстан чемпионатының күміс және қола медальдарын алса, 2005 жылы «Жеңіс» клубымен Кубокті ұтты, ал 2015 жылдан 2017 жылдың мамыр айына дейін «Оқжетпесті» жаттықтырған болатын.