Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев: Украина үшін алаңдаймын

Ресей мен Украина арасындағы кикілжің

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Батыстан жабылып жатыр. Бәрібір, қараңыз, керісінше, Ресей халқы, әрдайым, күш-жігерін жинап, алға жылжып келеді. Бұл бізге де тиімді, себебі біз Ресейге көбірек ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдап, сауданы еселеп жатырмыз. Тек бір ғана сұрақ: Украинадағы іс не үшін болды? Неліктен Украинаның өзіне өз ішіндегі мәселені шешуге мұрша бермеді. Мен Путиннің, Ресейдің Укрианадан және шығыстан бір телім жер алғысы келеді деген құлқы жоғын білемін. Ресей жер аумағы бойынша әлемдегі бірінші мемлекет", - деді Назарбаев.

"Жасырып не керегі бар, Украина үшін алаңдаймын. Мен сонда оқыдым. Украиндарды білемін, онда әлі де достарым бар. Бұл біздің ұлтымыз, бір-бірімізді жақсы түсінеміз, жан дүниемізді түсінеміз. Сол бір әндерді айтып, әзіліміз де бір. Бұрынғы қарым-қатынас қайта қалпына келсе деймін. Ресей мен Украина бізбен бірге болса", - деді Мемлекет басшысы.

 Президенттің айтуынша, Ресей мен Еуроодақ жанжалы еркін сауда аймағын кеңейту жоспарын бұзған. 

"Ресей Еуропаға керек, Еуропа Ресейге керек. Соңында барлығы да дұрыс. Мен Еуразиялық одақ пен Еуропа одағының еркін сауда келісімі туралы келіссөздер бастап едім. Бұл бізге тиімді, біз осыған қадам бастық, мына жағдай болмағанда", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз: tengrinews.kz