Саясат

Белдеу және жол бастамасы Си Цзиньпиң мен Қытай коммунистік партиясының күйреуіне әкелмек

Қытайға кедергі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

13 қыркүйек, жұма күні Үндістанның "TFIPOST" сайтында "Белдеу және жол бастамасы Си Цзиньпиң мен Қытай Коммунистік партиясының күйреуіне әкелмек" атты мақала жарық көрді.

Мақаланың негізгі мазмұны мынадай:

Ұрандатып бастаған Қытайдың белдеу және жол бастамасы (BRI) көп өтпей-ақ, Қытай үшін кедергі күшке айналуы мүмкін. Өйткені Қытай үкіметі серіктес елдерді үлкен қарыздармен ауыздықтап, отарлау жоспарын іске асырмақшы деп басында бұл бастамаға серіктес болған елдер қазір қатаң қасырылық таныта бастады. Бұл елдер мен Қытай бизнесінің қарым-қатынасы күн сайын ушығып барады. Осының кесірінен «Белдеу және жол» бағдарламасына жұмсалған $800 млрд қаржы көкке ұшуы мүмкін.

Есепке сәйкес, Си Цзиньпиң қол қойған «Белдеу және жол» бастамасына салынатын инвестиция 800 миллиард доллар қысқаруы мүмкін. Өйткені Африка елдері, соның ішінде Сьерра-Леоне және Танзания да Қытайдың бастамасына қарсылығын жариялады. Қарыздың ауыртпалығына байланысты Африка елдерінің екеуі де Сьерра-Леонедегі BRI жобасын тоқтатуға шешім қабылдады және жақында 318 миллион долларлық жобадан бас тартты. Танзания сонымен бірге BRI-дің Багамойо портын дамыту жөніндегі 10 миллиард долларлық жобадан бас тартты, өйткені президент Джон Магуфули мұны «қанау» деп атады.

Ма Гуфули қытай қаржыгерлерінің шартын «тек қиын жағдайда қалған, басы қызған адамдар ғана қабылдай алатынын» айтты.

Гамбантота әуежайы «әлемдегі ең бос әуежай» ретінде белгілі болғандықтан, Малайзия 20 миллиард доллар тұратын қытай жобасын тоқтатты. «Бір белдеу» жобасы тағы да шығынға ұшырады.

Сонымен бірге Пәкістан да  BRI-ге ауыр соққы берді. Қытай салып, басқаратын Гвадар порты бұл елдің Пәкістанды отарлау жолындағы алғашқы қадамдарының бірі болған еді, алайда түрлі себептермен құрылыс қарқынының нашарлауына байланысты Қытайдың COSCO жүк тасымал компаниясы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

Қытай Азия мен Африканың кедей елдерін ірі көлемде инвестициялап, содан кейін Шри-Ланка мен Мальдив сияқты үлкен қарыздарға батыру арқылы отарлағысы келетіні еш жасырын емес.

Economic Times сауалнамасына сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың үштен бірінен көбі қытай инвестицияларындағы ашықтықтың жоқтығына наразылық білдірген.

Қытай Төрағасы Си Цзиньпиң Қытайда және оның қоғамдық партиясында ең жоғары билікке ие болды, бұл оны Қытай тарихындағы ең күшті көшбасшылардың бірі етті.  Қытайдың қазіргі экономикалық жағдайына және Белдеу және жол бастамасына салынған инвестициялардың көлеміне байланысты  ол BRI-дің сәтсіздікке ұшырауына жол бермеуге тырысады. Алайда BRI (Белдеу және жол бастамасы) Си Цзиньпиң мен Қытай Коммунистік партиясының күйреуіне әкелуі мүмкін.