Саясат

Иманғали Тасмағамбетов туралы 10 дерек

ҚР мемлекет және қоғам қайраткері туралы не білеміз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Иманғали Нұрғалиұлы — Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының бесінші Премьер-Министрі. Сонымен қатар ол ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және білім министрі қызметтерінде болды. 

1-дерек. 1956 жылы 9 желтоқсанда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. Кіші жүздің 12 ата Байұлы, Жаппас руынан шыққан.

2-дерек. Бала кезіндегі жаратылыстану ғылымына деген қызығушылығы болашақ мамандығын таңдауға әсер етті. 1979 жылы Оралда Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты) жаратылыстану факультетін бітірген. Мамандығы - география және биология пәндерінің мұғалімі.

3-дерек. 1995 жылдан бастап ел басқарушы қызметінде жоғарғы орындарды атқарып, Қазақстанның вице-премьері, білім және мәдениет вице-премьер-министрі, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Президентінің бірінші көмекшісі, Атырау облысының әкімі, Қазақстан премьер-министрі, Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі болады.

4-дерек. 1993-1995 жылы Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 1998-1999 жылдары-ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі болды.

5-дерек. 1999 жылдан бастап Атырау облысының әкімі болды. 2004—2008 жылдары 1,5 млн тұрғыны бар Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының әкімі қызметін атқарып келді. Ал 2008 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанның елордасы — Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.

6-дерек. Оншақты кітаптың және көптеген ғылыми еңбектің авторы. Мәдениеттану, мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық өркендеу проблемалары және саясаттануға байланысты мақалалардың авторы. Оның жобалары-халықаралық мәдениеттану экспедициялары. Сондай-ақ ол Кітаптары: "Қазақстанның әлеуметтік-саяси жаңаруы: тенденциялар мен басымдықтар", "ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі", "Орталық Азия зергерлерінің бұйымдары", "Пекиннен Астанаға дейін: астаналарды көшіру тарихы", "Ұлы дала Кентавры".

7-дерек. И. Тасмағамбетов Моңғолияға, Ресей Федерациясының Астрахан облысына (Каспий: мұнай және мәдениет) және тағы басқа жерлерге Халықаралық мәдениеттанушылық экспедициялар ұйымдастырған. Соның нәтижесінде 2000 жылы Моңғолиядан Қазақстанға ежелгі Күлтегін тасы жеткізілді. Қазақ мәдениеті мен тарихының мұраларын жаңғыртуда көп жұмыс атқарған қайраткер.

8-дерек. ЮНЕСКО-ның қолдауымен ол атаулы күндер күнтізбесіне енген қазақ мәдениеті мен ғылымының көрнекті қайраткерлерінің мерейтойларын өткізді. Абай Құнанбаев пен Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығы, Мұхтар Әуезовтың, Қаныш Сәтбаевтың, Ғабит Мүсіреповтің және Әлкей Марғұланның ғасырлық мерейтойы.

9-дерек. Әйелі-Бекқұлова Клара Дауымқызы, мамандығы бойынша - мұғалім. Әйелімен жоғары оқу орнының бірінші курсында танысып, бесінші курста шаңырақ көтереді. Ол 3 баланың әкесі. Әсел есімді қызы білімі бойынша-заңгер. «Сәби» қайырымдылық қорының негізін қалаушы, қоғам қайраткері. Дарынды балаларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау бағдарламасын дамытуға үлес қосты. Кіші қызы София - суретші. Ұлы-Нұрсұлтан жеке кәсіппен айналысады.

10-дерек. Хоббиі - "Қазақстан тарихы, этнографиясы және археологиясы» мәселелеріне терең қызығушылық танытады, Орталық Азия халықтарының қолданбалы өнер заттарын коллекциялаумен айналысады. Сонымен бірге гитара мен пианинода ойнайды. Ән айтқанды жақсы көреді.