Саясат

Бауыржан Байбек Алматы қаласының құрметті азаматы атанды

Экс-әкімді Бақытжан Сағынтаев марапаттады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматының экс-әкімі, қазіргі таңда Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматы қаласының құрметті азаматы атанды.

Алматы күніне орай Бауыржан Байбекті қаланың қазіргі әкімі Бақытжан Сағынтаев марапаттады.

Бауыржан Байбекке бұл маратапат Алматы қаласының дамуына қосқан үлесі үшін берілген екен.

Бауыржан Байбек 2015 жылдан бастап Алматы әкімі болып жұмыс істеді. Ол әкім болған 4 жылда қала көшелері мен жолдар жөндеуден өткізілді. Қаладағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың қоршаулары бұзылды. Трамвай желісі жабылды. Универсиада өтті. Әл-Фараби даңғылындағы жол жүрі жылдамдығы 60 км/сағатқа дейін шектелді т.б.