Спорт

Мейрамбек Айнағұлов әлем біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды

Үшінші қола!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында Мейрамбек Айнағұлов грек-рим күресінен қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Мейрамбек қола жүлде үшін белдесуде украиналық балуан Ленур Темировты 10:0 есебімен жеңді. Ол жартылай финалда ресейлік балуан Сергей Емелинге есе жіберді. Алайда 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шыққаны үшін отандасымыз келер жылы Токиода өтетін төртжылдықтың басты додасына жолдама алды.

Айта кетейік, Асхат Діхмұхамедов те 77 келіге дейін салмақта қола жүлдеге таласады. Әрбір салмақта алғашқы алты балуан олимпиадалық лицензия алады, барлығы 108 олимпиадалық квота ойнатылады. Бұл ел қоржынына түскен үшінші қола. Осыған дейін Қазақстан құрамасынан 55 келі салмақта грек-рим күресінің шебері Қорлан Жақанша ел қоржына алғашқы күміс жүлдені сыйласа, сол күні Алмат Кебіспаев қола медаль жеңіп алған болатын.