Саясат

Иранның әйелдер командасы Әлем чемпионатына қатысатын болды

Иран билігі рұқсат етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Иранның әйелдер футбол құрамасы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына қатысатын болады. 

Мұны ФИФА президенті Джанни Инфантино мәлім етіп отыр. Әйелдер құрамасының чемпионатқа қатысуына иран билігі өзі рұқсат берген. 

1979 жылы Иран төңкерісінен кейін әйелдерге ерлер ойнайтын стадионға кіруге тыйым салынған болатын. 

Ал қыркүйек айында стадионға ер адамның киімін киіп кірмек болған Ходайяри есімді әйелдің ұсталып, кейін сотқа тартылуы, кейін бұл әйелдің өзін-өзі өртеп жіберуі әлем қауымдастықтарының наразылығын тудырған еді. 

Осы оқиғадан кейін иран билігі әйелдердің футбол ойнауына рұқсат етіп отыр.