Саясат

Иран: АҚШ 50 миллиард доллар төлесін!

Иран Вашингтон санкциялар арқылы елдің сауда байланысын үзіп, блокадаға түсіруге тырысуда деп санайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Америка Құрама Штаттары ядролық келісімге оралулары қажет, бірақ алдымен Вашингтон Тегеранға 50 миллиард доллар төлеуі керек» деді Иран басшысының кеңес беру органының хатшысы Мохсен Резаи. 

Бұған дейін Иран бойынша Мемдепартаменттің арнайы өкілі Брайан Хук бұған дейін санкциялардың кесірінен Иранның 50 млрд доллар шығынға кіргенін айтқан болатын. 

- Бізге Біріккен іс-қимыл жоспарының шеңберінен тыс жағдайлар қажет (JCPOA). Егер америкалықтар біздің JCPOA-ға оралғанымызды қаласа, онда олардың өздері мұны істеуге және санкциялардан келтірілген залал үшін кем дегенде 50 миллиард доллар төлеуге міндетті, - деді Резайдың сөзіне сілтеме жасаған ISNA.

Ол сондай-ақ АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына және Сауд Арабиясындағы мұнай нысандарына жасалған шабуылдарға байланысты жағдайға түсініктеме берді: «Санкцияларымен Вашингтон елдің сауда байланысын үзіп, блокадаға түсіруге тырысады. Сонымен қатар, олардың айтуынша, Тегеран шабуыл жасады деп айыпталуда, өйткені олар масқара болғысы және Сауд Арабиясындағы нысандарға хуситтердің шабуыл жасағанын мойындағылары келмейді».

Төрт жыл бұрын, 2015 жылдың 14 шілдесінде «алтылық» (Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция) және Иран Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарына қол жеткізгенін жариялаған болатын. Келісім Иранның ядролық бағдарламасын шектеу орнына санкцияларды алып тастауды қарастырған еді. Мәміле бастапқы түрінде үш жыл да «өмір сүрген» жоқ. 2018 жылдың мамыр айында АҚШ Ислам Республикасына қарсы қатаң санкцияларды қалпына келтіру туралы жариялады.