Weekend

Шотландияда заңды түрде балаларды шапалақпен ұруға тыйым салынды

Бұл заң жобасын облыстық парламенттің 80 мүшесі қолдаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шотландия - Біріккен корольдіктің құрамына кіретін елдердің ішінде ата-аналарға балаларына қол көтеруге заңмен тыйым салған алғашқы ел.

Дауыс беру қорытындылары бойынша, 3 қазанда тиісті заң жобасын облыстық парламенттің 80 мүшесі қолдап, 29-ы қарсы шыққан. Заң жобасы корольдік санкцияны алғаннан кейін бір жылдан соң күшіне енеді.

Ұлыбританияның қалған бөлігінде ата-аналарға «орынды себептермен» балаларды тәртіптік мақсатта жазалауға рұқсат етіледі, ал мектептерде физикалық жазалауға толығымен тыйым салынады. 

Соттарда балаларды дене жазалауына қатысты істерді қарау кезінде баланың қалай жазаланғандығы, қаншалықты жиі жазаланатыны, баланың жасына және жазасы оның психикасы мен денсаулығына тигізетін зардаптары ескеріледі. Кез келген физикалық жазаларға тыйым салуды жақтаушылар ересектердің кез келген физикалық шабуылдан заңмен қорғалғандығын алға тартып, ал балалардың осал жағдайда екендігін айтып, өз ұстанымдарын дәлелдейді.

Ал бұл заңға қарсы адамдар мыңдаған ата-аналар балаларынан тек қана тыныштандыруға тырысқандықтары үшін зардап шегеді деп алаңдаушылық білдіреді.