Спорт

«Ғасыр жекпе-жегі 3» өтуі мүмкін

GGG мен Канело арасындағы үшінші кездесу туралы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Ғасыр жекпе-жегі» деген атауға әбден лайық болған Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші кездесу туралы болжам басталып кетті.

 

Үшінші кездесу бола ма?

BoxingScene сайтында қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің бапкері  Абель Санчестің үшінші кездесу жайлы пікірі жарияланды.

Пікірге сүйенсек, қос боксшы арасындағы үшінші жекпе-жек 2019 жылдың мамыр айында өтуі мүмкін. Нақтырақ айтқан кезде 05.05.2019 жыл.

«Менің ойымша, бұл кәсіпте, яғни бокс кәсібінде біз барлық мүмкіндіктерге қарауымыз керек. Болашақ Канело мен Головкинге қарап алған жоқ. Ол жүре береді. Шешім шыққаннан кейін Эрик Гомес қасыма келіп: «бізге үшінші жекпе-жек керек, бізге керек» деп, ойын айтты. Мен: «Әрине, Томмен осы жайында сөйлес» деп, кеңес айттым. Мен келесі жекпе-жектің келесі жылы мамырдың 5 күні өтетін айта аламын. Бұл екеуі үшін таптырмас күн. Басқаша мерзім көріп тұрған жоқпын»дейді, Абель Санчес.