Саясат

Канелоның елі банкротқа ұшырады

Мексика президенті мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2018 жылы шілде айында таққа келген Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор Наярит штатында өзінің жақтастарымен жүздесіп, мемлекеттің банкротқа ұшырағаны туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz Life.ru сайтына сілтеме жасап.

 

Осыған дейін елдің экономикасы қиын кезеңде тұрса да, макроэкономикалық тұрақтылық сақталып, саяси дағдардыстардың жоқтығын айтқан президент енді елдегі жағдайдың қиын екенін алға тартып отыр.

 

«Мемлекет банкротқа ұшыраған кезде бәрінің қалауын орындап бере аламаймыз. Алайда берілген уәделер орындалады», деп отыр Андрес Лопес.

 

Сайлау алдында болған үгіт-насихат кезінде президент елдегі бензин мен электр бағасын түсіріп, зейнетақыны көтеретінін айтқан.