Bugin

Актриса Самал Еслямоваға "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді

Әлемді мойындатқан қазақ қызы

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев актриса Самал Еслямоваға "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын берді

Сонымен қатар бұл атақ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ аға оқытушысы Ян Рудковскийге табысталды.

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденіне ие болған:

Теміржан Бекжанов – «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс қорыту зауытының қорытушысы

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденін иеленгендер:

Асқар Ақшаев -  Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің бастығы

Мүсілім Алтынбаев – Қорғаныс министрінің орынбасары

Берік Жүйріктаев - Алматы қаласының прокуроры

Дәурен Қосанов - ҚР Қарулы күштері Әуе қорғаныс күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы марапатталды

Азамат Балтабаев - ІІМ Астана қалалық полиция департаменті Жол-патурльдік полициясы полкі қызметінің инспекторы

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденіне ие болғандар: 

Ермекбек Пазлиев - ІІМ Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қызылорда қалалық № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

Әділхан Төребеков «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі «Айбын» Президенттік полкі»  Әскери бөлімінің рәсімдік батальоны құрмет қарауыл ротасының бөлімше командирі.