Weekend

Қазақстанның қай өңірінде тұрғындар көп ұйықтайды?

Оңтүстік Қазақстан облысында ұйқы көрсеткіші төмен

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, өңірлер арасында ұйқыға орта есеппен бәрінен жоғары Жамбыл облысының тұрғындары 9 сағат 48 минут, ал төмен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 8 сағат 42 минут уақыт жұмсайды екен.

Сонымен қатар Қазақстандағы әйелдер ас әзірлеу, кір жуу, ыдыс жуу, жинастыру үй шаруасына орта есеппен күніне 4 сағат 48 минут шығындайды. 10 жастан 14 жасқа дейінгі балалар оқуға орта есеппен күніне 4 сағат 36 минут шамасында уақыт кетіреді. Өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан облысында ерлерде ең көп бос уақыты 5 сағат 44 минут болса, Жамбыл облысындағы ерлерде ең аз бос уақыт 3 сағат 58 минутты құрайды. Жалпы, Статистика комитетінің дерегінше, ауылды жерде тұратын халық (62,2%) қалалы жерде тұратын халыққа (53,2%) қарағанда өзінің өміріне көбірек қанағаттанады.