Саясат

Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

Бұрынғы экономика министрі жазасын өтеп жүрген болатын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Ол жемқорлық үшін сотталған болатын. Ақпаратты өзінің есімін атағысы келмеген адвокат растады.

Сот Бишімбаевтың бостандыққа шығуына қатысты ақпарат берген жоқ.

2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаев экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу басталғанын мәлімдеген болатын. 2017 жылдың қаңтар айында экс-министр пара алды деген күдікпен ұсталды. 13 қаңтарда тұтқындалды. 

2018 жылы наурыз айында Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ұлттық экономика вице-министрі ірі көлемде пара алғаны, сондай-ақ, бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталған болатын.

Тергеу материалдарына сәйкес, Бишімбаев Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына жауапты болған. Сол кезде оның інісі Сұлтан Нұрлыбек 2 миллион доллар көлеміндегі пара алуға делдалдық жасаған.

Соттың шешімі бойынша Бишімбаев мемлекеттік қызметте басшылық қызмет атқара алмайды. Өткен жылы мамыр айында аппеляциялық сот оның үкімін өзгеріссіз қалдырған болатын. Кейін оны Шымкент қаласындағы колонияға ауыстырды.