Саясат

Храпунов Швейцарияда жүр

Танымал блогер Ринат Балгабаев өз әлеуметтік желісіне Храпуновпен түскен фото жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2018 жылы Қазақстан сотымен 17 жылға сырттай сотталған, Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов Швецарияның Женева қаласында жүр. Оны танымал блогер Ринат Балгабаев Фейсбук желісінде жазды. 

 "Мен бұрын Швецарияның кішкентай екенін естігенмін, алайда осыншалық екенін білмедім"- дейді блогер. Блогердің постының астына бірден көптеген пікірлер түсіп жатыр. "Интерпол неше жылдан бері таппай жүрген адамды, сен бір-ақ күнде тауыпсың" -деген пікір қалдырған бір Фейсбук қолданушысы. 

Виктор Храпунов пен қашқын банкир Мұхтар Әблязов бір-біріне құда болып келеді. Әблязовтың қызын Храпуновтың Ильяс есімді ұлы алған.