Weekend

Ақтауда Абай Құнанбайұлына ескерткіш қойылды

Керемет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Ақтауда Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды.

 

Биіктігі 5 метр, ені 3,3х3,6 болатын мүсін "Абай" атындағы мәдени демалыс кешенінің алдына орнатылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты. "Абай ескерткішінің ашылуы қала тарихындағы маңызы өте зор оқиға. Ақынның өмірі, істеген ісі, жазған өлеңдері мен сөздері өз халқының тағдырымен тығыз байланысты. Бүгінде "Адамзаттың Абайы" атанып кеткен кемеңгер ақынның атындағы көшелер мен ескерткіштері елміздің түкпір-түкпірінде, тіпті, әлемнің біраз қалаларында бар. Лондонда Абай үйі, Каирде, Берлинде, Киевте, Бішкек, Баку, Нью-Делиде ақынға көшелер берілсе, Ташкент, Мәскеу, Тегеран, Бейжің мен Будапешт сияқты әлемнің көптеген қалаларында есіл ердің еңселі ескерткіштері мен мүсіндері орнатылған. Соның әрқайсысында Абайдың аты жаңаша асқақтап, халқымыздың мәртебесі жаңа биікке көтерілумен келеді", - деді Ералы Тоғжанов.

 

Дереккөз: Tengrinews.kz