Саясат

Америка Қытайға қарсы ислам мемлекеттерінің одағын құрып жатыр

Сауда соғысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ үкіметі Сауд Арабиясы, Египет, Біріккен Араб Әмірлігі сынды ислам мемлекеттерін Қытайға қарсы одақ құруға, мұсылман халықтардың мүддесін қорғауға шақырып отыр, деп хабарлайды Regnum агенттігі. 

- Қытай қазір дінмен күресіп жатыр. Бірақ Қытай бұл соғыста жеңе алмайды, - дейді АҚШ-тың халықаралық діни еркіндік жөніндегі елшісі Сэм Браунбэк. 

Сэм Браунбэк оған қоса Қытайдың Ислам мемлекеттеріне бұл мәселені көтермеуі үшін қоқан-лоқы көрсеткенін алға тартады. Тек Түркия ғана қытайдың үркітуіне бой алдыра қоймағанға ұқсайды. 

Енді АҚШ үкіметі Қытаймен болып жатқан сауда соғысында жеңу үшін мұсылман мемлекеттерінің одағын құрып, қарсы тұруды мақсат еткен сыңайлы.