Weekend

Уақытша қолайсыздық: Қазақстанда телерадиоарналардың хабар таратуы тоқтатылды

Уақытша қолайсыздық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы телерадиоарналардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады деп хабарлайды.

Олардың айтуы бойынша: «16 қазан күні сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсерік, эфирлік цифрлық, аналог телехабар тарату және радиохабар тарату желілерінде жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты, жөндеу жұмыстары кезінде Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша телерадиоарналардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады».

Қазақстан Республикасының хабар тарату саласындағы ұлттық операторы уақытша қолайсыздық туғызғаны үшін кешірім сұрайды.