Weekend

Небәрі 32 секунд ішінде: АҚШ-тағы галереядан Далидің картинасы жоғалып кетті

Ұрланған өнер туындысының құны $ 20 000 бағаланады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сан-Францисконың бейнелеу өнері галереясында тұрған Сальвадор Далидің «От ішіндегі жираф»  атты картинасы қолды болды. Картинаны ұры небары 32 секунд ішінде "қағып кеткен". 

Күдіктінің суреттері Twitter-де ABC News сайтында жарияланды. Ұрланған өнер туындысының құны 20 мың долларға бағаланады.

- Сальвадор Далидің арнайы көрмесі өтіп жатқан уақыт еді. Бәрі қас-қағым сәтте болды. Ешкім ешнәрсе түсінбей қалды, - деді «Файн Арт» директоры Анджела Келлетт. 

Оның айтуынша, ұрлық жасалған кезде залда тағы бір қызметкер болған, бірақ ол ештеңе жасай алмаған.