Саясат

Испанияда жаппай наразылық басталды

Каталония полицейлерімен қақтығыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Испанияның Барселона, Таррагон, Жирон және Лерид қалаларында жаппай наразылық болып жатыр. Радикалдар Каталония ішкі істер кеңесі ғимаратының жанында кедергілер тұрғызып, қоқыс контейнерлері мен көліктерді өртеп жатыр, деп хабарлайды Horas 24 арнасы.

14 қазан күні Испанияның жоғарғы соты каталонияның 12 саясаткерін 2017 жылы Каталонияның тәуелсізідігі жайлы референдумды заңсыз өткізді деп айыптап, 9-дан 13 жылға дейін бас бостандықтарынан айырған еді. Елдегі жаппай наразылық осыдан кейін басталды. Дүйсенбіден басталған наразылық әлі тоқтаған жоқ.

Әсіресе, дүйсенбі күні Барселонаның әуежайында болған радикалдар мен тәртіп сақшылары арасында болған қақтығыс өте ауыр болды. 131 тұрғын мен 70 полиция қызметкері жарақат алды.