Саясат

Таяу Шығыста жаңа дәуір орнайды

Ендігі жерде бәрі Ресей мен Қытайдың қолында

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сириядан Америка әскерінің шығарылуы Ресей мен Қытайдың Таяу Шығыс аймағында жетекші рөлге айналуына жол ашпақ. Бұл туралы Newsweek жазады.

Атап айтқанда, АҚШ Сирияның Манбидж қаласындағы әскери позициясын Ресей әскерлеріне беруі - символдық сәт болып табылады. Халықаралық істер жөніндегі Ресей кеңесінің сарапшысы және Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының лекторы Максим Сучков басылымға соңғы бірнеше күн Таяу Шығыс саясатындағы жаңа дәуірді білдіретінін айтты.

Оның пікірінше, Ресей делдал ретінде өз беделін көтере отырып, Сирияда үлкен күшке айналды.