Спорт

Канело IBO чемпиондық атағынан айырылды

Головкиннен ұтып алған белдікті Халықаралық бокс ұйымына қайтарып берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль Альварес Геннадий Головкиннен жеңіп алған IBO Халықаралық бокс ұйымының белдігін өзіне қайтарып берді.

 

Геннадий Головкинмен болған жекпе-жектен кейін жеңіске қол жеткізген Канело WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық белдіктерін өзіне алған болатын. Алайда Халықаралық бокс ұйымына жарна төлемегендіктен мексикалық боксшы бір белдіктен қағылды. Қазір аталған ұйымның атағы бос тұр.

 

Отандасымыз Геннадий Головкин аталған чемпиондық белдікті 2011 жылы Лахуан Саймоннан ұтып алған болатын. Содан бері 17 рет жекпе-жекке шығып, белдікті өзінде қорғап қалып отырған.