Экономика

Әлемдегі ең бай адам бір тәулікте 7 млрд доллар жоғалтты

Әлемдегі ең бай адам атағынан түсіп қалуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Планетадағы ең бай адам Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос бір күнде жеті миллиард доллар жоғалтты. 

24 қазанда Amazon үшінші тоқсандағы кірісі туралы хабарлады. Нәтижесі инвесторлардың көңілін қалдырды және бұл компания котировкасының 6,6 пайызға төмендеуіне әкелді.

Телеарнаның есептеуінше, 57,6 миллион Amazon акциялары тиесілі Безос үшін мұндай құлдырау 6,9 миллиард доллар шығынын білдіреді деген сөз.

Сарапшылардың болжамы бойынша, егер Amazon акцияларының құлдырауы жалғасса, онда Безос Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтске ғаламшардың ең бай адамы атағын береді. 

25 қазанда Безостың байлығы 111 миллиард долларға, ал Гейтстікі - 107 миллиард долларға бағалануда.