Спорт

Хабиб Нурмагомедов өзінің жазғанын өзі өшірді

Тимати жеңіске жетті ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейлік UFC жекпе-жегінің жұлдызы Хабиб Нурмагомедов өзінің инстаграм парақшасындағы Тиматиге арнап жазған жазбасын өшіріп тастады.

 

Айта кету керек, осыған дейін спортшы мен әнші арасындағы дау әлеуметтік желіде біраз жерге барып, бір-біріне үндеу жолдаумен жалғасқан болатын. Басты себеп Егор Крид пен MC Doni екеуінің Дағыстанда өткізуі керек концерті болмай қалатын болатын. Оған қатысты пікірді Нурмагомедов «Әрбір жексұрын өзінің сөзіне жауап береді» деп жазба қалдыра отырып, Тиматидің командасына және өзіне үндеу жолдады.

 

Интернет-батырларының заман жүріп тұрған қоғамда жұдырығымен талай спортшы жер жастандырған Нурмагомедов өзінің жазған жазбасын Instagram әлеуметтік желісінен алып тастады.

 

2018 жылдың 6 қазан күні Хабиб Нурмагомедов Конор Макгрегормен кездесу өткізеді. Психологиялық шабуыл жасаудан алдына жан салмайтын Конор осы күні рингке Егор Кридтің әнімен шықса таң қалмаймыз.