Спорт

Қытайда туған боксшы Қазақстанға ауысу жайлы ойын айтты

Жұдырықтасудан мүлдем жеңілмеген боксшы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайда туған 24 жастағы Елшат Нығматуллаұлы (лақап аты-«Қазақ жауынгері») кезекті жекпе-жек үшін Астанаға барып қайтты.  

Елшат Нығматуллаұлы Астанаға WBC Asia белбеуі үшін жұдырықтасуға келген. Дегенмен қарсыласы, әзірбайжан Фарид Алиев (5-0, 5 КО) жекпе-жектен бас тартты.

Оның айтуынша әзірбайжандық қарсыласы Фарид Алиев оның рекордсін көріп жекпе-жектен бас тартқан. Қарсыласы осал болмаған, алайда оны жеңетініне Елшат сенімді болған. Осыдан кейін оның қарсыласы Қазақстанның екі дүркін чемпионы Мардан Берікбаев болады. Елшаттың айтуынша, алғашында қарсыласының Мардан екенін естігенде көңілі құлазып қалған. Дегенмен бұл кәсіпқой бокс болғандықтан, рингте тек сыйластық деген ұғым ғана бар екенін айтады.  

Еске салсақ, Елшаттың 15 жекпе-жегі Қытайда, ал соңғысы – Қазақстанда өткен. Ол кәсіпқой боксқа төрт жыл бұрын келген. Қытайда өткен 15 жекпе-жегінің ешбірін жеңілмеген - 14 рет жеңіп, бір рет тең түскен. Алдағы уақытта Қазақстанға келетін ойы бар.